Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» маусымның 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әлі де Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді.
Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ жауып, жел күшейеді, шығыста қатты жаңбыр болады. Түнгі және таңертеңгі уақытты еліміздің солтүстігінде тұман түседі.
Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік батысында, оңтүстік шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Осыған дейін Қазақстан өңірлерінде өрт қаупі сақталатыны туралы жаздық.