Елдің бірнеше өңірінде жел күшейіп, үсік пен тұман болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жауын-шашын мол түсіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Астана мен бірнеше қалада желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

үсік
Фото: freepik

Жетісу облысында түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыс бойынша 2-7 градус үсік болады. Облыста жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 3-5 градус үсік болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз батысында кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді. Батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада оңтүстіктен жел соғады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің түнгі екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта жоғары өрт қаупі бар. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Түркістан облысында түнде және таңертең батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігінде және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында және солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында және солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, батысында кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Күндіз желдің күші 15-20 м/с болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с болады. Павлодарда түнде тұман түседі.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында және солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең батысында, шығысында және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.