14:57, 18 Ақпан 2026 | GMT +5
Елдің оңтүстігінде күн суытады
АСТАНА. KAZINFORM – Күндіз және түнде термометр бағандары 2–7 градус жылы деңгейге дейін төмендейді.
Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде қыс бойы әдеттен тыс жылы ауа райы сақталып тұрды.
Енді суық ауа массалары Қазақстанның оңтүстігі арқылы жылжып, әсерінен жауын-шашын болып (жаңбырдың қарға ұласуы), кей жерлерде нөсер болып, жел күшейіп, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Күндіз және түнде термометр бағандары 2–7 градус жылы деңгейге дейін төмендейді.
Айта кетелік алдағы күндері тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін.