Елдің отын балансын басқаруда цифрлық шешімдер енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі мұнай өнімдері нарығын цифрлық басқаруды күшейтуге кірісті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Елдің отын балансын басқаруда цифрлық шешімдер енгізіледі
Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен мұнай өнімдері айналымын цифрландыру жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелеріне арналған кеңес ұйымдастырды.

Іс-шара «ҚазМұнайГаз» алаңында өтіп, оған ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев, Қаржы министрлігінің, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында KMG.AIAN ЖИ-ассистентін пайдалана отырып, мұнай өнімдерінің тапшылығы мен профицитін болжау құралдарына ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға мұнай өнімдері балансын қалыптастыру және өңірлік жеткізілімдерге талдау жасауға арналған цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері таныстырылды. 

Елдің отын балансын басқаруда цифрлық шешімдер енгізіледі
Фото: Энергетика министрлігі

Кеңес аясында Жол картасы іс-шараларын іске асырудың ағымдағы мәртебелері және елдің отын балансын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдері айналымын цифрландырудың негізгі бағыттары қаралды.

Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді интеграциялау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және саланы одан әрі цифрлық трансформациялаудың мақсатты көрінісі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

— Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларын іске асыру және мұнай өнімдері айналымын есепке алу мен мониторингтеу жүйесіндегі цифрлық шешімдерді дамыту жөніндегі алдағы қадамдар айқындалды. Бұл саланың басқарылуын арттыруға және мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесі 107 жобаны қарағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар