Елдің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM –Қазақстанға белсенді циклондар келе жатыр, атмосфералық ағындар жылжуын жалғастырып, күн құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы күндері ел аумағына фронталды белсенділіктің кезекті толқыны әсер етеді, жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстанның батысында, солтүстігінде, 19-20 маусымда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі уақытта ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі — ауа температурасы +20…+28 °C дейін төмендеп, жайлы болады.

Осыған дейін «Ақжайық» табиғи резерватында 1200 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар