Елдің солтүстігін газдандыру үшін «Сарыарқа» құбырының 2,3-кезеңдері салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің солтүстігін газдандыру үшін «Сарыарқа» құбырының 2,3-кезеңдері салынбақ. Бұл жайында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

Қозоғистонда 2030 йилга бориб йилига 6,7 миллиард кубометр газ қазиб олинади
Фото: primeminister.kz

«Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін „Сарыарқа“ магистралды газ құбырының 2,3-кезеңдерін (188,5 млрд теңге) салу жоспарланып отыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру „Бейнеу-Бозой-Шымкент“ магистарлды газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін ғана мүмкін болады, осыған байланысты „Сарыарқа“ барлық кезеңдерін және „Бейнеу-Бозой-Шымкент“ екінші желісін бір уақытта салу көзделеді», — дейді Үкімет басшысы жауабында. 

Премьер-Министр жауабына қосымша берілген анықтамада ББШ 2-желісін салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқаны айтылады.

Құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі — 2026 жылдың соңы.

«Өз кезегінде солтүстік-шығыс өңірлерді газдандырудың мерзімдері ҚР-ны газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған бас схемасында оны келесі нақтылау кезінде ескерілетін болады. Үкімет солтүстік өңірлерді газдандырудың баламалы нұсқасын қатар пысықтап жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, әлеуетті инвесторлармен газ құбырының бағыттарын, құрылыс және газ жеткізу шарттарын талқылау бойынша келіссөз жүріп жатыр», — деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар