Елдің солтүстігінде жауын жауса, оңтүстігінде 40 градус ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 6-8 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

самокат, погода
Фото: Александр Павский / Kazinform

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алуы, сондай-ақ бұршақ түсуі күтіледі.

Нөсер жауын:

  • 6–8 маусым күндері – елдің батысында;
  • 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста;
  • 8 маусымда – солтүстік-батыста болжанады.

Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді;
  • солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды;
  • орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі;
  • оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады;
  • оңтүстік-шығыста +30…+39°С қатты ыстық сақталады;
  • шығыста ауа температурасының негізгі фоны +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады. 

Айта кетелік Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланған еді