Елдос Қоспаевтың ағасы 12 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM  - Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевтың ағасы Айбек Қоспаевқа қатысты сот үкімін шығарды.

 Елдос Қоспаевтың ағасы 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айбек Қоспаев 7 бап бойынша кінәлі деп танылды:

- ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйымға қатысу;

- рейдерлік;

- қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату);

- бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру;

- заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржыландыру немесе коллекторлық қызмет;

- сәйкестендiру және (немесе) бақылау таңбаларының көрiнеу жалған құралдарын өткiзу мақсатында дайындау немесе сатып алу, сол сияқты қолдан жасау немесе өткiзу;

- бопсалау.

Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

 Елдос Қоспаевтың ағасы 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қоспаев сот үкімімен мүлдем келіспейтінін мәлімдеді.

- Ештеңе дәлелденген жоқ. Болған оқиғаның бәрі ойдан шығарылған, тапсырыспен жасалған іс. Мен әділдікті іздегеніме, бірақ таба алмағаныма сенімдімін. Мен бұл үкіммен үзілді-кесілді келіспеймін, - деді ол.

Бұған дейін Астана қалалық сотының судьясы Алмат Исахан қазақстандық кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы қорқытып келген Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты үкім шығарған болатын.

Елдос Қоспаев қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге алкоголь өнімдерін сату саласындағы қызметпен айналысу құқығынан, 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Елдостың ағасы Айдос Қоспаев мүлкі тәркіленіп, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты «АВ-Констракшн» ЖШС, «Шыны зауыты» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша тергеуді аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар