Елдос Сметов «допингін» көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазақстандық дзюдошы, Париж-2024 жазғы Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов желіде отбасылық суретін жариялады.

Сметов
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйгілі спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қолына ұлдарының бірін ұстап түскен суретін жүктеген.

о
Фото: yeldos60kg / instagram

- Менің ең үлкен допингім – екінші Сметов, - деген жазба қалдырған спортшы фото астына.

Айта кетейік, Елдос Сметов отбасылық өміріне қатысты мәліметтермен сирек бөліседі. Қоғамға белгілі дерек бойынша, Сметовтер отбасында Мариям, Омар, Жібек, Мұхаммад және Абдуллаһ есімді 5 бала өсіп келеді.

Сондай-ақ 2024 жылдың жазында Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін, 33 жастағы Елдос Сметов татамиге шыққан жоқ. Дегенмен ол мансабын аяқтамайтынын, жарыстарда өнер көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, чемпион Елдос Сметов өткен жылы сұхбат барысында мемлекеттік қызметке бармайтынын, тағы бір Олимпиадаға қатысатыны туралы мәлімдеген еді. 

Сондай-ақ таяуда қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа қайта оралатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар