Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды

Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Елдос Сметов қола медаль жеңіп алды.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшымыз Сметов кіші финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовті ұтты.

Осылайша, біраз уақыттан бері әлемдік турнирлерде жүлде алмаған Елдос Сметов өз еліміздегі жарысты қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін жерлесіміз соңғы рет 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін алған болатын.

Айта кетейік, елорда төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялары сарапқа салынып жатыр. Аталған додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатысып жатыр. Сынға түсіп жатқан балуандардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы бар.

Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін 700, ал, ІІІ орын үшін 500 ұпай есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қыздар арасында Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар