Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейінгі жаттығуын көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов татамиге оралуға қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, жаттығу кадрларын жариялады.
Сметов жариялаған бейнежазбада дзюдодан жаттығу мен жарыстар барысында қолданылатын «дзюдоги» киім формасымен жүргенін байқауға болады. Спортшының артқы жағында Олимпиада чемпионы киюге құқылы увага (куртка) алтын белгісі бекітілген.
- Біз қазір оқу-жаттығу жиынындамыз.Татамидегі әр күн — жаңа деңгей, жаңа күш. Чемпиондық еңбекпен сақталады. Жаңа белестерді бағындыруға дайындалып жатырмыз, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, спортшы өз мансабында 3 Олимпиадада қатарынан жүлде алып келді. 2016 жылы финалға дейін жетсе, 2020 жылы қола жүлдеге ие болды. Ал 2024 жылы ол Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді салған болатын.
Еске салсақ, Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2026 жылы жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Бірақ әзірге нақты қай турнирге және қай уақытта шығатыны белгісіз.