Электр энергиясының бағасы қымбаттай ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғындарды электр энергиясымен қамту мәселесінде ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Үкімет тұрақты түрде электроэнергетика саласында күзгі және қысқы маусымға даярлық бойынша мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыс жалпы аяқталды деп айта аламын. Ең басты энергетикалық нысандар жөндеуден өтіп, эксплуатациялық жұмыстардың жүргізілуімен қысқа дайындық жұмыстары аяқталды. Осы күзгі және қысқы маусымда өткен жылғыдай барлық тұтынушылар үшін жарықты өшірмей, сенімді түрде электрлік қамтумен өткіземіз деген үміттемін», - дейді ол.

Бақытжан Қажиевтің айтуынша, KEGOC компаниясы толығымен барлық жөндеу және эксплуатациялық жұмыстарын аяқтаған. Тек бір желі ғана «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде сақтық шаралары үшін көшірілген. 1 қазанға дейін барлық компаниялар даярлық құжатын алып, толық даярлықта күзгі және қысқы маусымды өткізе беруге болады.

«Біз жүйелі оператор ретінде Энергетика министрлігі 7 жылға бекітетін электроэнергетиканы тұтыну мен өндірудің болжамды балансын жыл сайын әзірлейміз. Алдағы қысқы маусым үшін Қазақстанда электр энергетикасының сақтаулы қоры барын айта кеткім келеді. Сондықтан еліміздегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамту тұрғысында ешқандай мәселе жоқ. Оңтүстік Қазақстанда электр энергетикасының жетіспеушілігі сезілетінін білеміз. «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша екі желі бар. Олар Оңтүстік Қазақстанның бүкіл қажеттілігін жабатын болады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасына «жарық үшін төленетін тарифтердің бағасы өзгере ме» деген сауал қойылды.

«Тариф жөнінде... Бұл сұрақ негізінен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне қойылуы керек. KEGOC компаниясы бойынша 2020 жылға дейін тарифтің бекітілгенін айтқым келеді. Демек, оған дейін тариф өзгермейді», - деп түйді Бақытжан Қажиев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум