Электр кабелін ұрлаған күдікті топ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 30 қазанда «Есіл» ауданы ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орынбор көшесі бойындағы құрылыс объектісінен сомасы шамамен 1,5 млн теңге құрайтын ұзындығы 500 метрден астам электр күш беретін кабелін ұрлаған күдіктілерді ұстап, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.

Электр кабелін ұрлаған күдікті топ ұсталды

Қаскүнемдер аталған құрылыс нысанының жұмысшыларымен алдын ала келісіп, электр кабелін құрылыс аумағынан жалға алған «Газель» автомашинасымен шығарып, алып кеткен.

 Жедел-іздестіру әрекеттері барысында  полицейлер кабельді қала аумағындағы металл қабылдау пунктінен тәркілеген.

ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеп-тексеріс жүргізілуде. Ұсталған екі адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.