Электрондық шот-фактуралар жүйесі уақытша жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM —  21 қаңтар күні сағат 00:00–ден 02:00–ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі жұмыс істемейді. 

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі
Фото: pixabay

21 қаңтар күні сағат түнгі 00:00–ден 02:00–ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланған.

—  Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген Мемлекеттік ікірстер комитеті хабарламасында.

Айта кетелік Мемлекеттік кірістер комитетінің Деректерді өңдеу орталығы құрылатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар