«Электронды әкімдік» порталы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайтты

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің электронды порталы мемлекеттік қызметтердің санын 25-ке жеткізді.
None
None

 Бүгін баспасөз мәслихатында аталмыш порталдың жасақтаушылары «электронды әкімдік» жобасының жаңашылдықтары туралы айтып берді.   

 Қазіргі уақытта e.astana.kz порталы 25 мемлекеттік қызмет түрін көрсете алады. Оның ішінде балаларды балабақшаға тіркеу, мемлекеттік қордан тұрғын-үй алуға мұқтаж жандарды тізімге алу, жұмыссыз адамдарға анықтама беру сынды қызметтер ұсынылған.

 «Электронды әкімдік» құрылғалы бері халыққа 10 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

 Жалпы «Е-әкімдік» білім саласында - 9, тұрғын-үй - 1, жұмыспен қамту - 11 және жер қатынастары саласында - 4 мемлекеттік қызмет ұсынған.   

Соңғы жаңалықтар