«Электрондық үкімет» порталынан алынатын құжаттардың заңды күші бар - байланыс және ақпарат вице-министрі С.Сәрсенов

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Электрондық үкімет» порталынан алынған құжаттар заңды күшке ие.
None
None

Бұл туралы байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов журналистермен болған кездесуде мәлім етті. «Соңғы бес айда біз көп жұмыс атқардық. «Электрондық үкімет» жобасын жүзеге асыру барысындағы проблемалық нүктелерді анықтадық. Біз интерактивтік және транзакциялық мазмұндағы электрондық қызметтерге басымдық танытып отырмыз», деді С.Сәрсенов өз сөзінде.

Вице-министр сондай-ақ, тамыздың 15-інде күшіне енген «Электрондық үкімет туралы» Заң қабылданғаннан кейін заңнамадағы бұрынғы олқылықтардың бәрі жойылғанын да атап көрсетті.

Сонымен бірге С.Сәрсенов, «электрондық үкімет» порталынан алуға болатын барлық электрондық құжаттардың заңды күші бар екенін атап көрсетті.

«E-gov.kz» порталында мемлекеттік қызмет көрсетудің уақыты 10 минутқа дейін қысқартылып отыр. Егер 2010 жылға дейін азаматтар 19 мың электрондық анықтама алса, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 469 818 анықтама алынған. Электрондық қызмет көрсетулердің саны да артып отыр, 2009 жылы - 59 қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылы 74 қызмет көрсетіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар