«Электрондық үкімет» веб-порталында мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің толық тізімі жарияланды

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - «Электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталында мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің толық тізімі жарияланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімде халықты әлеуметтік қолдау, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және басқа да салалар жөнінде қызметтер бар.

Пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін барлық қызметтер «Азаматтарға», «Бизнеске» деген бөлімдерге топтастырылған.

Азаматтар Интернет арқылы жеке басты куәландыратын құжаттар рәсімдеу, тұрғылықты жерлерінде тіркеу, мекенжай-анықтама ақпараттарын  ала алады.

Заңды тұлғаларға - заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді тіркеу, салық есебіне қою, салықтар мен алымдар төлеу, жер телімдеріне құқықты тіркеу, жылжымайтын мүліктермен мәмілелер жасау жөнінде қызмет көрсетіледі.

«Электрондық үкімет» веб-порталы бүгінгі таңда азаматтардың өмірлік қызметтерінің барлық салаларындағы және мемлекеттік органдар қызметі туралы 1500ден астам  түрлі ақпараттық қызмет ұсынады.  

Соңғы жаңалықтар