Елена Хрусталева ҚР Ішкі әскерінің лейтенанты шенін алды

ЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін түнде Алматы әуежайына Ванкувер Олимпадасына қатысқан спортшыларымыз мінген ұшақ келіп қонды. Олардың қатарында биатлоннан күміс жүлдегер Елена Хрусталева да бар.
None
None

«Динамо» дене шынықтыру-спорты қоғамының Орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары полковник Асқар Омарқұлов, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Елена Хрусталеваға ҚР Ішкі әскерінің лейтенанты шені берілгенін хабарлады. Әуежайда спортшыға Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өкілдері, спортшылар мен жанкүйерлер құрмет көрсетті.

Кездесуде, сондай-ақ спортшыға пәтер бөлінетіні және ақшалай сыйлық берілетіні мәлім етілді.

Ванкувер Олимпиадасында Елена Хрусталева 15 шақырымдық жеке жарыста «күміс» жүлдені иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар