Елена Рыбакина Аделаиде турнирінде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 21-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кортта кездесті.
Матчты сәтсіз бастаған Е.Рыбакина қатарынан төрт геймді беріп қойды – 0:4. Бұдан кейін есепті қысқартқанымен, сет Александрованың еншісінде кетті – 3:6.
Ресейлік теннисші екінші партияда тіпті алға кетті – 5:0. Ақыры дегеніне жетті – 6:3.
Сағат жарымға созылған кездесуде Елена 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Е.Александрова 6 эйс, 5 брейкке (13 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Е.Александрова финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік таластырады. Ол ширек финалда рейтингіде 41-сатыдағы украиналық Марта Костюктың меселін қайырды – 7:5, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аделаиде турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыста жартылай финалдан тыс қалды.