Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыс қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирі қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді.

Индиан-Уэллсте 6-17 наурыз аралығында ерлер мен әйелдер арасында өтетін аталмыш мастерс жарысының жалпы жүлде қоры 17,9 млн АҚШ доллары болмақ. Бұл өткен жылғыдан 2,2 пайызға көп.
Турнир жеңімпазы 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 1,1 млн доллар табыс таппақ. Финалистің үлесіне 585 мың доллар мен 650 рейтингілік ұпай тиеді.
Өткен жылы соңғы бәсекеде Беларусь өкілі Арина Соболенконы 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтқан Е.Рыбакина чемпион атанған болатын. Биыл Елена сол чемпиондық атағын қорғау үшін бар күшін салады.
Қазіргі кезде Индиан-Уэллсте іріктеу сайыстары өтіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің алғаш рет әлемнің 20-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
👑The champ is back on the West Coast🇺🇲 @BNPPARIBASOPEN pic.twitter.com/YrO9qZKi1C
— Elena Rybakina Fan page (@ElenaRybakina2) March 4, 2024