Елена Рыбакина әлемде виннерстен алдына жан салмай келеді

Елена Рыбакина әлемде виннерстен алдына жан салмай келеді
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылғы WTA 1000 турнирлерінде 500-ден астам виннерс жасаған бірден-бір теннисші атанды.

Қазақстандық теннисшінің есебінде өзінің белсенді ойыны нәтижесінде жеңіп алған 570 ұпайы бар.

Арина Соболенконың еншісінде 443, Ига Швентекте 437, Даниэль Коллинзде 423, Виктория Азаренкода 335 виннерс бар.

Елен Рыбакина дәл осындай жарыстарда 2022 жылы 505, 2023 жылы 853 виннерске қол жеткізген еді.

Елена осы аптада Рим WTA 1000 додасында чемпиондық атағын қорғауды бастайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рим турнирінде Рыбакина бастаған теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Словакиядағы жарыстың ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар