Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын нығайта түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтинг нәтижелерін жариялады.
Қытайдағы Нинбо WTA 500 турнирінде чемпиондық атағын қорғаған Елена Рыбакина жекелей сында 9 501 ұпаймен көшбасшылық орнын нығайтты.
Беларусь өкілі Арина Соболенко (7 550 ұпай) екінші орында қалса, ресейлік Мирра Андреева (6 306) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Алғашқы ондықтағы поляк Ига Швентек чехиялық Линда Носкованы ығыстырып, 9-дан 8-сатыға ауысты.
Нинбода финалға дейін жеткен канадалық Лейла Фернандес 30-дан 23-ке шықты.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 66-дан 67-ге сырғыды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 7-орында қалса, Жібек Құламбаева 104-тен 102-ге жоғарылады.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жария еткен рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 20-ға сырғыды. Александр Шевченко 109-ыншы, Тимофей Скатов 200-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің екі дүркін чемпионы атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ Алматыда ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Рыбакина мен Путинцеваның Токио турнирінде жолдары тоқайласуы мүмкін екендігі жазылды.