Елена Рыбакина бапкерсіз қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен хорватиялық бапкер Горан Иванишевич арасындағы келісімшарт аяқталды.

Championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы Иванишевич әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.
- Australian Open аяқталғаннан кейін біздің сынақ мерзіміміз бітті. Елена мен оның командасына болашақта табыс тілеймін, - деп жазды хорват.
Рыбакина өткен жылы тағы бір хорватиялық маман Стефано Вуковпен қош айтысып, кейін Горан Иванишевич бапкері болған еді.
Жыл басында Елена Вуковты командасына қайта қосты. Бірақ Стефаноны WTA қызметінен шеттетіп тастады.
Биылғы Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына дейін жеткен қазақстандық теннисші алдағы уақытта Әбу-Даби, Доха және Дубай турнирлеріне қатысатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Горан Иванишевич Елена Рыбакинаның бапкері болғанын жазған едік.
Рыбакина командасына бұрынғы бапкері Стефано Вуковты қайта қосты.
Аустралия чемпионатында Елена Рыбакина ширек финалдан тыс қалды.