Елена Рыбакина Брисбенде жаңа маусымның алғашқы жарысын екінші айналымнан бастайды

Аустралия ашық біріншілігі қарсаңында 31 қаңтар – 7 қаңтар аралығында осы елде өтетін Брисбен WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Елена Рыбакина обошла всех по итогам сезона-2023
Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа маусымдағы алғашқы жарысты екінші айналымнан бастайды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда корт иесі, дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған Кимберли Биррелл немесе оның қарсыласымен кездесуі мүмкін.

Аталмыш турнирде қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатыр.

Доданың бірінші ракеткасы болып дүниежүзілік рейтингте екінші тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенко тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар