Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне неге қатыспағанын түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне қатысудан неге бас тартқанын түсіндірді.

Елена Рыбакина снялась с турнира в Дубае
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші аталмыш жарыста денсаулығына байланысты ойнай алмайтынын айтты.

«Биыл денсаулық мәселесіне байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды үлкен өкінішпен хабарлаймын. Жақын адамдарым бұл жарыстың мен үшін қаншалықты маңызы зор екендігін, былтырғы чемпиондық атағымды қорғағым келгенін біледі. Мені қолдауға келген барлық жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Олардың биыл менің ойынымды көре алмайтыны өкінішті. Енді мен кортқа қайта оралу үшін демалып, қалпыма келемін», деді Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс жарысының келесі айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар