Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл жайында Sports.kz жазды.

Теннисші бұл жолы жарыстан тыс қалуды жөн деп шешкен.
Оның есімін Олимпиаданың ресми сайтында жекелей сындағы және микстегі сеткадан алып тастаған.
Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісін австралиялық Дарья Сэвилл алмастырды.
Ал миксте ол Александр Бубликпен жұп құрайтын еді.
Айта кетсек, Елена Рыбакинаның соңғы қатысқан жарысы Уимблдон болды. Бұл жарыста ол жартылай финалға дейін жетті.
Осы ойында ол чехиялық теннисші Барбора Крейчиковаға 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жол берді.
Еске сала кетейік, бүгін Ролан Гаррос стадионында теннистен Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, теннисшілеріміздің бірінші айналымдағы қарсыластары анықталған еді.
Жекелей сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда Румыния теннисшісі Кристиан Жаклинмен ойнайтын болған.
Бұдан бұрын Париж Олимпиадасындағы теннис турнирінде аралас сында (микст) Қазақстан атынан Елена Рыбакина мен Александр Бублик бақ сынайтынын жазған болатынбыз.