Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Елена Рыбакина (7 WTA) Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында Испания өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті.

Елена Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

25 жастағы қазақстандық спортшы 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті. Қарсыластардың өзара кездесулеріндегі есеп 4:4 болды.

Ертең Рыбакина америкалық София Кенинмен күш сынасады. Ол осы турнирдің өткен жылғы чемпионы италиялық Жасмин Паолиниді жеңген еді.

Осыған дейін қазақстандық 14 жастағы теннисші Барселонадағы турнирде топ жарғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар