Елена Рыбакина жарақаты туралы айтып берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында үшінші айналымдағы ойыннан кейін өзінің жарақаты туралы айтты.

Елена Рыбакина вывела Казахстан в ¼ финала United Cup
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші әлемнің 33-ракеткасы, украиналық Даяна Ястремскаямен өткен матч барысында беліндегі жарақатқа байланысты үш рет медициналық көмекке жүгінді.

– Шынымды айтсам, бәсекенің қалай бітетінін білген жоқпын. Жарақаттың қайдан болғаны белгісіз. Бұл оңайға түспеді. Ұзақ ойнау ауыр тиетінін түсіндім, сондықтан белсендірек қимылдап, кейде тәуекелге баруға тура келді. Матчтың нәтижесі менің пайдама шешілгеніне шынымен қуаныштымын.

– Қазір өзіңді қалай сезінесің? Бәрі қалыпты ма?

– Бәрі қалыпқа түсе қойған жоқ. Физиотерапевтім маған көмектеседі деп үміттенемін, - деді Е.Рыбакина матчтан кейін.

Қазақстандық теннисшінің жарақатына байланысты өткен жылы Париж Олимпиадасына қоса АҚШ ашық чемпионаты, Сеул, Бейжің сияқты ірі жарыстарға қатысудан бас тартқаны белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Юлия Путинцеваның әлемнің 10-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты.

Соңғы жаңалықтар