Елена Рыбакинаның Дубай WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды

Елена Рыбакина
Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Дубай WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Е.Рыбакина бастапқы кездесуін әлемнің 31-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе рейтингіде 43-орындағы нидерландылық Аранча Рустың қай жеңгенімен өткізеді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева негізгі турнирге өте алмады. Ол іріктеу сайыстарының финалында тартысты бәсекеде әлемнің 52-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрешке жол берді - 3:6, 6:3, 4:6.

Сондай-ақ ерлер арасында әлемнің 189-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Доха ATP 250 додасының іріктеу сайысында сүрінді. Ол әлемнің 140-ракеткасы, словакиялық Лукаш Клейнге есе жіберді - 4:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Доха турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар