Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі барлық қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Индиан-Уэллсте (АҚШ) 8-15 қарашада өтетін WTA қорытынды турниріне қатысатын барлық теннисші белгілі болды.
Қорытынды жарысқа берілетін соңғы жолдамаға чехиялық Каролина Мухова ие болды.
Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің екінші айналымында украиналық Марта Костюк пен ресейлік Екатерина Александрова шеберлік байқасқан еді. Есеп 6:4 болып, ресейлік спортшы жеңіп жатқан мезетте Костюк матчты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп Костюктің чемпиондық кестеде Мухованы басып оза алмайтыны анықталды.
Осылайша, жылдың соңғы додасында Елена Рыбакина, Арина Соболенко (Беларусь), Мирра Андреева (Ресей), Джессика Пегула, Кори Гауфф (екеуі де АҚШ), Элина Свитолина (Украина), Линда Носкова және Каролина Мухова (екеуі де Чехия) бақ сынайды.
Былтырғы қорытынды турнирде Рыбакина үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Алматыдағы соңғы жарысын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Алматы турнирінде Бублик пен Нұрланұлы алғаш рет бірге өнер көрсетті.
Елена Рыбакина ірі жарыстардағы виннерс саны жөнінен көш бастады.