Елена Рыбакина әлемнің «Жыл ойыншысы» атағына үміткер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді.

Сондай-ақ жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер таласпақ. Бұдан бөлек, америкалықтар, әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф, рейтингіде үздік үштіктегі Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула, сонымен қатар биыл WTA қорытынды турнирінде топ жарған франциялық Каролин Гарсия тізімге іліккен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатын жариялаған едік. Теннисші қазақстандықтардың қолдауын үнемі сезінетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар