Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында елордада 14-15 сәуірде Польшамен өтетін матчқа қатысады.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елена Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.

Ертең, 13 сәуір күні Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылады. 14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннис құрамасының Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастағанын жазған едік.

Сондай-ақ Ярослава Шведова Польшамен матчта жеңіске жетіп, өткен жылғы нәтижені қайталағысы келетінін айтты.

Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирінде ұтылып қалды.



Соңғы жаңалықтар