Елена Рыбакина чемпиондық кестеде екінші орынға көтерілді
Australian Open жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенко чемпиондық кестеде көш басында келеді.
Аустралия ашық чемпионатының финалисі Елена Рыбакина 50-сатыдан бірден екінші орынға көтерілді. Жартылай финалда қазақстандық теннисшіге жол берген тағы бір белоруссиялық Виктория Азаренко үздік үштікті түйіндеп тұр.
WTA-ның чемпиондық кестесі:
1. (1) Арина Соболенко (Беларусь) — 2470.
2. (50) Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1356.
3. (28) Виктория Азаренко (Беларусь) — 881.
4. (33) Магда Линетт (Польша) — 866.
5. (5) Джессика Пегула (АҚШ) — 740.
6. (1) Белинда Бенчич (Швейцария) — 735.
7. (8) Кори Гофф (АҚШ) — 520.
8. (37) Донна Векич (Хорватия) — 510.
9. (50) Елена Остапенко (Латвия) — 486.
10. (69) Каролина Плишкова (Чехия) — 456.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің оныншы рет Аустралия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы алғаш рет ITF Juniors турнирінде чемпион атанды.
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина 10-ракетка атанды.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздік көрсеткішіне қол жеткізді.
Новак Джокович әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілер көшін бастап тұр.
Фото: ktf.kz