Елена Рыбакина Дубайда жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елена Рыбакина Дубайда жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді.

Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.

Е.Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда АҚШ чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Дубай жарғысының үшінші айналымына өтті.

Фото: sports.kz