Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш болып әлемде 10-орынға көтеріледі
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде Е. Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде ел тарихында алғаш рет 10-орынға көтеріледі.
Қазақстандық теннисші сондай-ақ, жекелей және жұптық сынды қоса есептегенде, осы «Үлкен дулыға» турнирінде 1 млн 143,5 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.
Аустралия чемпионы Арина Соболенкоға 2,05 млн доллар тиеді. Ол әлемдік рейтингіде екінші орынға шығады. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Е. Рыбакинаның осынау табысына орай өз пікірін білдірді.
«Мен Еленаға жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл – елімізде теннистің табысты дамып келе жатқанының көрінісі. Australian Open финалына дейін жету – шеберлік пен тұрақтылықтың белгісі. Дода барысында Елена әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті, басқа да мықтыларды тізе бүктірді. Олардың үшеуі – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы. Еленаның түрлі төсеніштегі корттарда өзін еркін сезініп, қарсыласына байланысты тактикасын сауатты құратыны, өз ойынын үнемі жетілдіріп келе жатқаны айқын көрініп тұр. Жылдың сәтті басталуы алдағы жеңістерге жол ашады деп үміттенемін», - деді Б. Өтемұратов.
Елена Рыбакина енді Дубайда өтетін жарысқа қатысады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның финалда чемпиондық атаққа таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы турнирдің финалына шықты.
Қазақстандық Тимофей Скатов Чилидегі жарыстың жартылай финалына шықты.
Елена Рыбакина чемпион атағына ие бола алмады.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы