Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлер туралы: күтпеген қолдау болды

«Қазақстанда алғаш ойнағанда корттағы атмосфера мен қолдау өте жоғары, мен күтпеген қолдау болды. Ол менің үйдегі алғашқы матчым еді. Енді тәжірибе бар, корттағы ойын оңайырақ болады. Әрине, жанкүйерлер матчтарда менің өте сабырлы екеніме қарамастан, жоғары деңгейде қолдап, дем береді. Жанкүйерлердің қолдауы қиын сәттерде көмектеседі және қолдауды қабылдауға әрқашан қуаныштымын», - деді Елена Рыбакина елордада теннистен «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады.
Кездесу барысында теннисші Президентке Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартқанын жазған едік.
Елена Рыбакина Мемлекет басшысының теннисшіге орамал мен сағат сыйлағанын айтты.
«Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал», - деді Елена Рыбакина Президентпен кездесу сәтінен кейінгі әсерімен бөлісе отырып.