13:29, 21 Сәуір 2023 | GMT +5
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирден шығып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарақатына байланысты Штутгарттағы (Германия) турнирден шығып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТФ мәліметінше, әлемнің жетінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде WTA рейтингінің 14-ші сатысында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға қарсы екінші айналымдағы кездесуде ойыннан шығып қалды - 1:6,1:3.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы жамбас сүйегін ауыртып алды.