Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда бірден брейк жасап, басымдылығынан айырылған жоқ – 6:4.

Олар екінші сетте есеп 4:5 болған мезетте қарсыластарының екі сетболынің бірін пайдалануына мүмкіндік берген жоқ. Ақыры таразы басын өздеріне аударды – 7:5.

Сағат жарымға созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 4 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыластары 1 брейктен аса алған жоқ.

Осылайша, Е.Рыбакина А.Павлюченковамен бірге спорттық жолында екінші рет WTA финалына жолдама алды.

Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Аделаида турнирінің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар