Елеусінов Ұлыбританиядағы айқасы алдында ашық жаттығу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Елеусіновтің (1-0, 1 КО) мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жанкүйерлерді қазақстандық боксшының және Лондонда өтетін бокс кешіне қатысушы өзге де спортшылардың ашық жаттығуын тамашалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Ашық жаттығу 1 маусым күні BXR London залында өтеді. Басталуы астана уақытымен 19.00-де. Бокс кешінің өзі 6 маусымға жоспарланған. Оның хедлайнерлері - британдық Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО).

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов оның андеркардында айқасады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йоркте өткізді. Үшінші раундта америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар