Елге қанша адам көшіп келді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар саны 4 923 адам, кеткендер саны - 1 122 адам, көші-қон сальдосы оң - 3801 адам. 

Елге қанша адам көшіп келген
Фото: Александр Павский / Kazinform

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі — 68%.

— ТМД елдерінен қоныс аударып, ықтияр хат алған 4 137 адамның ішінде ең көбі Өзбекстаннан келген — 2 614 адам, Ресейден — 982 адам.

Өзге елдерден биылғы алғашқы үш айда 783 адам келді. Олардың басым бөлігі Қытай (427 адам), Моңғолия (129 адам) және Түркиядан (57 адам) келген, — делінген Ұлттық статистика хабарламасында.

Келгендердің басым бөлігі Алматы (1 649 адам) және Маңғыстау облыстарына (764 адам), сондай-ақ Алматы қаласына (687 адам) қоныстанған.

Келгендердің негізгі үлесі (61,7%) 20 мен 44 жас аралығында.

Айта кетелік Қазақстан халқы 20,3 млн адамға жеткен еді

Соңғы жаңалықтар