Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақтың саны 4 млн. адамға өсті - ҚР Президенті

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақтың саны 4 млн. адамға өсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.
None
None

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақтың саны 4 млн. адамға көбейді. Мұндай қарқын елімізде ешуақытта болған емес»,-деді Мемлекет басшысы.

Мұндай өсімге қазақ аналарының қосқан үлесі зор екенін баса айтқан Елбасы: «Мемлекет те аналарға барынша жағдай жасауға тырысып келеді. Оны өздеріңіз білесіздер. Соңғы жылдары бала дүниеге келгенде берілетін бірреттік жөргекақы 5,5 есеге өсті. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы 3,5 есеге дейін артты. Сол қамқорлықтың арқасында табиғи өсім жыл сайын еселеп артып келе жатыр»,-деді.

ҚР Президенті алға тартқан деректерге қарағанда, соңғы 10 жылдың ішінде елімізде 260 отбасында үшемдер дүниеге келсе, 5 ана бірден 4 сәбилі болған.

Соңғы жаңалықтар