Еліміз үшін «Нұрлы жол» және индустрияландырудың екінші бесжылдығы МБ ойдағыдай өрістету аса маңызды - Ә.Исекешев

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев өңдеу өнеркәсібін және өңір инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес барысында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
None
None

«Күрделі геоэкономикалық жағдайға қарамастан, қазір екі мемлекеттік бағдарлама: «Нұрлы жол» және индустрияландырудың екінші бесжылдығы мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай өрістету және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді дер кезінде орындау өте маңызды», - деп атап өтті ол. Сондай-ақ министрдің атап көрсеткеніндей, бірінші бесжылдыққа жоспарланған барлық жобалар табысты жүзеге асырылып, жұмыс жасауда. Соның арқасында аймақта жаңа өндіріс нысандары мен тұрақты жұмыс орындары ашылды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар