Елімізде 100-ге жуық денсаулық нысанының құрылысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттен еліміз бойынша 99 денсаулық сақтау нысанын салуға қаражат бөлінді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі ҚазАқпарат сауалына орай мәлім етті.
None

Ведомство ақпаратынша, 2023-2024 жылдары аралығында Ұлттық жоба аясында ауылдық жерлерде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынады.

«Бүгінде 99 нысанды салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Оның ішінде 91 нысанның (Ақтөбе облысында – 8, Атырау облысында – 3, ШҚО-да – 17, БҚО-да – 12, Жамбыл облысында – 4, Қарағанды облысында 14, Қостанай облысында – 6, Қызылорда облысында – 15, СҚО-да – 7, Ұлытау облысында - 5) құрылысы басталды. Қалған нысандар бойынша мердігерді анықтауға қатысты конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр», - деп атап өтеді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар