Елімізде 11,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды ? В. Школьник

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Соңғы ақпаратқа сәйкес елімізде 11 631 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ведомство басшысы Владимир Школьник мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, 2008 жылы «30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда министрлік 3 триллион көлеміндегі 356 жобаға жетекшілік етіп келеді. Жалпы өткен жылы 239 млрд. теңгенің 156 жобасы іске асты. «Соңғы ақпаратқа сәйкес елімізде 11631 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді В. Школьник. Министр атап өткендей, қазіргі кезде облыс әкімдіктері және ірі тау-кен орындары арасында өзара ынтымақтастық және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Аталмыш құжаттардың басты мақсаты - өндірістегі жұмыс орындарын сақтау.
Соңғы жаңалықтар