Елімізде 180 бала стационарда КВИ-ден емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індетінен стационарда емделіп жатқан науқастардың ішінде 1 жасқа толмаған 23 бала бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Стационарларда емделіп жатқан пациенттерге қатысты тұрақты түрде талдау жүргізіліп келеді. Коронавирус індетінен стационарда емделіп жатқан науқастардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны 41,7 пайызды құрады. Оның арасында 1 жасқа толмаған 23 бала ем қабылдам жатыр», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол еліміз бойынша 180 бала стационарлық тәртіпте ем-дом алып жатқанын нақтылады. Науқастардың ішінде ересек адамдар 58,3 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті.

Сонымен қатар, коронавирус көп таралып жатқан өңірлер белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар