Елімізде 190 инвестициялық жоба қаржыландырылды ? «ҚазАгро» ұлттық холдингі

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылда еліміздің агроөнеркәсіп кешені бойынша 190 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингі активтерінің бағасы 56 пайызға өсіп, 296,8 млрд. теңгені құрады. Жеке капитал 1,5 есеге ұлғайып, 154,2 млрд. теңгеге тең болды. Холдинг алдағы уақытта 2,6 млрд. теңге көлеміндегі табыс көзіне ие болуды жоспарлап отыр. Жалпы, 2008 жылда «ҚазАгро» ұлттық холдингінің жүзеге асырып жатқан жобалары аясында еліміздің агроөнеркәсіп секторын қаржыландыру көлемі 158 млрд. теңгеге жетті. Оның 36,5 пайызы ? бюджеттің қаржысы болса, қалғаны холдингтің жеке және қосымша тартылған қаражаты болса керек. «Өткен жылы отандық агроөнеркәсіп кешеніне құйылған қаржының басым бөлігі ? 120,3 млрд. теңге өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және өңдеу өндірісін дамытуға салынған болатын. Сондай-ақ 190 инвестициялық жоба қаржыландырылды», - деді Асылжан Мамытбеков.
Соңғы жаңалықтар