Елімізде 2009 жылы транзитті жүк тасымалынан 96,6 млрд. теңге көлемінде табыс түсті

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Қазақстанда 2009 жылы транзиттік жүк тасымалынан 96,6 млрд. теңге көлемінде табыс түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда бұл 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда 12,4 млрд. теңгеге артық. Дей тұрғанмен министр өткен жылы жүк тасымалының жалпы көлемі төмендегенін айтты. «2009 жылдың басында дағдарысты құбылыстардың ауанында ел экономикасында жүктерді тасымалдау және жүк айналымы 15 пайызға төмендейді деп болжанды. Жедел мәліметтер бойынша көліктің барлық түрлерінде жүк тасымалының жалпы көлемі 2,8 пайызға, жүк айналымы 6 пайызға төмендеді. Жолаушылар тасымалы саны 4,2 пайызға ұлғайды. Жүк транзиті 15,2 млн. тоннаны құрады», деді министр.

Министр 2009 жылдың ең басты оқиғаларының бірі ретінде «Астана-Бурабай» автобанының салынғанын атап көрсетті. «Сапасы жоғары бұл автобан қысқа мерзімде салынды. Оған жаңа технологиялар қолданылды. Жобаның тез аяқталуына Үкіметтің қолдауы септігін тигізді. Осылайша біз көлік кешенінің кәсіпорындары экономиканың көлік қызметтерімен қамтамасыз ету міндетін орындай алды деп айта аламыз», деді министр.

Соңғы жаңалықтар