Елімізде 7 мыңға жуық жетім балалар ЖОО мен колледжерде білім алуға мүмкіндік алды
Бүгінгі күн «Бөбек» қорының қамқорлығы арқасында еліміздегі 145 балалар үйінің әрбір баласы үшін шешуші күн болды. Олар енді сүйікті мамандықтары бойынша жақсы білім алуға мүмкіндік алып отыр.
Аталмыш Қор тәрбиеленушілерге мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге ақша жинауға бір рет және тегін қаржы бөледі. Қор құрған бастапқы капиталға, жыл сайын 7-10 пайыз көлемінде сыйақы және 7 пайыз мөлшерінде мемлекеттен сыйақы түсіп отырады.
«Біз үшін балаларымыздың ересек өмірге барынша бейімделгендігі өте маңызды. Біз оларға жақсы білім алып, жұмысқа тұрып кетулеріне көмектескіміз келеді. Ең бастысы, бұл балалар мейірімділікке, жақсылыққа деген сенімдерін жоғалтпаулары тиіс. Олар қашанда мемлекеттің қамқорлығында болады. «Бөбек» қоры 20 жыл ішінде 5 млрд. теңге жинады. Бұл қаржылар банктерде жинақталған. Сондықтан мен балалар үйлерінің түлектеріне жақсы білім алуларына көмектесуді ұйғардым», - деді өз сөзінде Сара Алпысқызы.
Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Бұл жобаны жүзеге асыру арқасында, балалар үйлерінің түлектеріне жоғары деңгейде кәсіби білім алуларына жағдай жасалады. Біз өз кезегімізде олардың кәсібі тұрғыда өсу жолдарын қадағалайтын нақты жүйе жасаймыз», - деді.
Келісімнің қатысушылары құрамына «Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің» операторы «Қаржы орталығы» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ енді.
«Қаржы орталығы» АҚ президенті Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, әрбір баланың атына жеке шот ашылып та қойылған. Ондағы қаржы 23 жасқа дейін жинақталады. Қаржы тек жоғары және кәсіби техникалық білім алуға ғана жұмсалады.
«Жоғары оқу орнына түсетіндерге 3-3,5 млн. теңге жиналады. Ал кәсіби-техникалық білім алғысы келетіндлерге одан аздау түседі. Бұл сомалар балалардың жинақталу кезіндегі жасына байланысты. Мысалы, біреулер келесі жылы бітіреді. Басқаларға оқуға түсуге әлі 10 жыл бар дегендей», - деді Рамазан Әлімқұлов.
Одан басқа, егер салымшылар, яғни балалар үйінің түлектері жоғары оқу орнына грант бойынша түсетін болса, онда жинақталған қаржыны банктің сыйақысы және мемлекеттің сыйлық ақысымен қосып ала алады.
«Тағы бір айта кететін жайт, біз мемлекеттің сыйлықақасын инфляция деңейінен төмен қоймау туралы Үкіметке ақпарат беріп отыратын боламыз», - деді Р. Әлімқұлов.