08:15, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Елімізде әлеуметтік даму бағдарламасы өзгертіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде әлеуметтік даму бағдарламасы өзгертіледі, деп хабарлады www.24.kz.

Мәселен, 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі. Бұл тұрмыстық деңгейі төмен азаматтарды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдісі әзірленді. Яғни, тұтынатын азық-түлік тауарларының ең төменгі мөлшері қайта қаралатын болады. Осы шаралардың барлығы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарында көрініс тапқан.
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен ағымдағы жылдың көктеміне дейін білім беру жүйесінің жобасы да әзірленбек. Ал келер жылдан бастап тегін кәсіптік -техникалық білім беру жүйесі іске асырылады.
фото: clarityprocurement.co.uk