10:01, 16 Тамыз 2018 | GMT +5
Елімізде алтын өндірісінің көлемі артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алтын өндірісі 2018 жылғы қаңтар-шілде айларында 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% артып, 53 432 килограмды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күмістің өндірісі 575 426 килограмды құрады, бұл былтырғыға қарағанда 9,6 пайызға аз.